Ссылки доступа

Автобус өрті құрбандарының аты-жөні анықтала бастады


Сотрудники полиции и экстренных служб реагирования рядом со сгоревшим автобусом. Актюбинская область, 18 января 2018 года.
Сотрудники полиции и экстренных служб реагирования рядом со сгоревшим автобусом. Актюбинская область, 18 января 2018 года.

Ақтөбе облысында өртенген автобустағы Өзбекстан азаматтарының алдын ала тізімі жарияланды. 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өртенген жолаушылар автобусында 52 өзбек азаматы қаза тапқан.

Өрттен бес адам – Өзбекстанның екі азаматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны аман қалған.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, әзірге алдын ала 29 адамның аты-жөні анықталған. Марқұмдардың барлығы 19-41 жастағы ер адам, Наманган облысының тұрғындары. Сонымен қатар өрттен аман қалған екі өзбек азаматының да Наманган облысының тұрғыны екені белгілі болған.

Автобус өрті құрбандарының мәйіті 19 қаңтарға қараған түні Ақтөбеге әкелінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, мүрделер қатты күйіп кеткендіктен, сырттай қарап олардың кім екенін ажырату мүмкін емес.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің 19 қаңтарда хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары күні-түні сот-медициналық сараптама жұмыстарын жасап жатыр.

Аман қалған бес адамның аты-жөні кеше жарияланған. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы - 1988 жылы туған Ахрор Искаков пен 1980 жылы туған Исраилджон Мырзахмедов бар. Қалған үш адам - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары - Мақсат Пернебков (1985 жылы туған), Барат Таңатаров (1978) және Нұржан Қырғызбаев (1968).

XS
SM
MD
LG