Мемлекет атаулары төңірегіндегі пікір-талас бұрыннан бері бар. КСРО ыдыраған соң, тәуелсіз республикалар атауларын өзгерткен.
"Біз мақалаларда совет заманындағы оқулықтарда жазылған мемлекет атауларын қолданып келдік. Бірақ оны да өзгертетін уақыт келді", - деп түсіндірді редактор.
Қырғызстан - Қырғыз Республикасының ресми қысқартылған атауы. Ел Конституциясының қырғыз және орыс тілдеріндегі нұсқаларында Қырғызстан деп көрсетілген. Бірақ ресейлік ақпарат құралдары әлі күнге дейін Киргизия атауын қолданып жүр.