Ссылки доступа

Тәжікстанда әскерге сарбаздарды жеребе бойынша іріктейді


Тәжікстанның Чоркух елді мекенінде соңғы екі жылдан бері армияға сарбаздарды жеребе арқылы іріктеп шақырып келеді. Жергілікті билік іріктеудің бұл түрі әділетсіздікті жояды деп деп есептейді.

Бұл әдіс соңғы екі маусымда Хелейсон мен Лангар махалласында да жүзеге асып келеді. Махалла кеңесінің дереккөзі бұл тәсілдің қалай жұмыс істейтінін былайша айтып берді. "Әскер жасындағы барлық ер азаматтардың отбасындағы жалғыз ұлдан басқасының аты-жөндері, қағазға жазылып, оларды бүктеп, «лотерея» ретінде ойнатады. «Бір-бірден қағазды алады. Осылайша әскерге баратын 3-4 адам анықталады», - дейді ол.

Джамоат Чорку – Исфарадағы ең ірі жамағат. Онда 29 махалла бар. Олардың әрбірінде 2 мыңға жуық әскерге баратын жастағы ер азамат бар.

Тәжікстанда 18-27 жастағы ер азаматтарды жылына екі рет - көктемде және күзде әскерге шақырады.

XS
SM
MD
LG