Куәгерлердің мәліметінше, жеңіл жүрісті әйелдің үйіне 16 жастағы жеткіншек 2 қаңтарда достарымен бірге барған. «Ол үйде жанжал шығып, 9-сынып оқушысы «Мама Розаны» балағаттаған. Осыдан кейін әйел асүй пышағымен жеткіншекті ұрған», – дейді куәгерлердің бірі. Оқушы сол жерде жан тапсырған.
Айыпталушының көршілері әйелдің бұрын "жезөкшелер үйін" ұстағаны үшін бірнеше рет сотты болғанын айтады.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.