Ресми ақпаратқа қарағанда, тәжік президенті мен өзбек премьері екі ел арасындағы сауда шектеулерін алып тастау, азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету, тарифтерді азайту және басқа да мәселелерді талқылады.
Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзоданың хабарлауынша, Душанбеде Тәжікстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы өтті.
Хабарларға қарағанда, өзбек президенті Шавкат Мирзияев көктемнің басында Тәжікстанға ресми сапармен барады. Бұған дейін Мирзияев Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық қатынасты жаңғыртатынын мәлімдеген.