Синжарды басып алу арқылы Асад армиясы әскери әуежайға қол жеткізді. Соңғы кездері Асад әскері Сирия аумағын бақылауды кеңейтті.
Идлиб – Асад режиміне қарсы күштердің бақылайтын соңғы провинциясы. Олардың ішінде "Ал-Каида" идеологиясына жақын "Хайят Тахрир аш-Шам" тобы бар.
6-7 қаңтарда шығыс Гута аймағында бомба атқылаудан 18 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Кемінде 60 адам жарақат алған. Шығыс Гута, Идлиб қаласы секілді көтерілісшілердің бақылауында. Бұл деэскалация аймағына кіреді. Құқық қорғаушылар әуе соққыларын Сирия және Ресейдің қарулы күштері жасады деп айыптайды.