Шенеунік әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Бұл туралы Әндіжан облыстық прокуратурасының жауабында айтылды.
Президенттің виртуалды қабылдауына түскен құжат бойынша, 7 желтоқсанда шенеунікке қатысты әкімшілік іс қозғалып, жиналған құжаттар Әндіжан қаласы әкімшілік сотына жолданған.
Сот әлі басталмаған. Рахматтулаевқа айыппұл салынуы мүмкін. "Қала басшысы әзірге қызметін атқарып отыр. 25 желтоқсанда таңертең ол жиналыс өткізді, өзін сыпайы ұстады", - деп қалалық әкімшіліктің бір қызметкері.
Еске салайық, 16 қазанда Рахматуллаев жергілікті колледж және академиялық лицей директорларын Ташкент облысында мақта жинауға адам аз жинады деп айыптап, оларды "малдар", "есектер", "малғұндар" деп балағаттаған.