Ссылки доступа

Әндіжанда сегіз жастағы қызын әкесі қылқындырып өлтірген


Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғын Диербек Юлдашев сегіз жастағы қызы Севараны өлтірді деген айыппен ұсталды. Құқыққорғау мәліметіне қарағанда, ер азамат қызды қылқындырып өлтіріп, денесін арыққа тастаған.

23 қазанда жоғалып кеткен Севара Юлдашеваның денесі 2 желтоқсанда табылды. Оның өліміне 27 жастағы әкесі Диербек Юлдашев кінәлі деп отыр.

Тергеу кезінде ол кінәсін мойындаған.

Мәліметтерге қарағанда, Юлдашев жалғыз қызына алимент төлемеу үшін өлтірген болуы мүмкін. "Диербектің ажырасып, басқаға үйленгеніне екі жыл өтті. Ол жалғыз қызына алимент төлейтін", – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Туыстары да солай деп есептейді. Бірақ құқыққорғау органдары қылмыс мотивін құпия сақтап отыр. Қасақана кісі өлтіру қылмысына байланысты іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG