Ссылки доступа

Өзбекстан бас прокуратурасы: «Шаршара» шұжық цехынде есек еті қолданылған


Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкенттегі «Шаршара» шұжық цехына 70 келі есек еті әкелінгенін ресми нақтылады. Ақпаратқа сәйкес, цех қызметкерлері есек етін өзге еттермен араластырған.

Есек етін Хорезм облысынан Gold Premium Product компаниясы жеткізген.

Ташкент тұрғыны Ш.Ш. Раджабовтың арызынан кейін, арнайы тексерілу жұмыстары басталған. Шағым беруші цех есек етін бір келісі үшін 13 мың сумға (1,5 доллар) сатып алып отырғанын айтады.

Тексеру кезінде цехтан 275 келі ет тәркіленген. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Продукты фирмы «Шаршара» с конца 90-х годов пользовались большим спросом среди узбекистанцев.
Продукты фирмы «Шаршара» с конца 90-х годов пользовались большим спросом среди узбекистанцев.

Алайда өзбек кәсіпкердің бірі мұны Gold Premium Product компаниясының қожайыны Лутфулл Убаевқа қарсы жасалынып отырған арандату әрекеті дейді. Оның сөздерінше, 275 келі етті тәркілегеннен кейін, антисанитарлы жағдайда ұстап, тек 21 сағат өткеннен кейін, зертханаға әкелген.

Цех иесі Өзбекстан президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын комиссияға шағымданған.

XS
SM
MD
LG