Мұнан бөлек, ол Ресей «орыс тілінде оқи да, жаза да алмайтын мәдениетсіз өзбектерге» визалық режим енгізу керек деп есептейді. Петицияға қазірге дейін 6 мың адам қол қойған.
2016 жылдың 1 қарашасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин Өзбекстан елшілігінің алдына 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ислам Каримов ескерткішін орнату жөнінде бұйрық шығарған.
Өзбекстан тарапы мүсінді салуға 35 млн рубль бөледі. Ал Мәскеу бюджетінен гүлзарды безендіруге ақша бөлінбек.
Ресейде 2 миллионға жуық өзбек диаспорасы тұрады. Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі күні онда 1 млн 700 өзбек еңбек мигранты бар. Олардың 200 мыңы тұрақты тұрады.