Жақыпова келесі жылы ең төменгі күнкөрісті құрайтын азық-түлік себетінде азық-түлік бұрынғы 60 пайыздан 55 пайызға азайтылып, азық-түлік емес тауарлар 40 пайыздан 45 пайызға көбейтілетінін айтады.
"Ресми статистика бойынша, халықтың тұтыну құрылымы өзгерген. Халықтың азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын шығыны 45 пайызды құрағандықтан, азық-түлік себетінің құрылымын өзгертуге шешім қабылданды. Осылайша, себеттің өзгеруінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 16 пайызға ұлғайып отыр. 33 жыл еңбек өтілі бар зейнеткерлер 28284 теңге алады",- деді Светлана Жақыпова.