Гелдимырад есімді жүргізуші Азаттықтың түрік қызметіне өзін көлік инспекторы өткен жексенбіде тоқтатып, ережені бұздың деп 50 манат айыппұл төлеткізгенін айтады.
"Сағат 11-лер шамасында инспектор мені тоқтатып, көлігімнің салонынан тіл-көзден сақтайтын тұмарларды алып тастауымды талап етті. Полиция сонымен бірге көлікте "Аллах құтқар" деген секілді жазулар болмауын ескертіп, маған 50 манат айыппұл салды", - дейді Гелдимырад.
Көлік жүргізушілердің айтуынша, полиция көлік салонындағы түрлі тұмар, ойыншықтар адамның назарын аударып, жол апатына себепкер болады деп түсіндіріп жатыр екен.