Сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірген ол "біз жеңдік" деп мәлімдеді:
"Жеңіске жеттік деу себебіміз - біз халықтың түсінігін өзгерттік, оларға өз пікірін қалай білдіруге болатынын, әділет үшін қалай күресу керек екендігін көрсеттік. Біз Қырғызстанда сайлауға шығып, мемлекетті дамытудың балама жолын көрсеттік. Кімнің дұрыс, кімнің бұрын екендігін уақыт көрсетеді", - деді ол.
Бабанов әкімшілік ресурстан тайсалмай, дауыс берген жақтастарына алғысын білдірді.
"Мен жаңа ғана арандатушылық материал алдым. Онда 16 қазанда сағат 12-де алаңға жиналыңдар деген үндеу тасталыпты. Мен тағы да қайталап айтамын: мен ешқашан билікті басып алмаймын!"
Хабарларға қарағанда, Талас қаласында "Республика" партиясы жетекшісінің штабы маңына үміткер Омурбек Бабановтың жақтастары жиналып жатыр. Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, онда қазір шамамен 100 адам жиналып тұр.