Ссылки доступа

Судьяға балта ұстап жүгірген тәжік азаматы 18 жылға сотталуы мүмкін


Тәжікстанда Хатлон облысының прокуратурасы судьяға балтамен шабуыл жасаған Диловар Олимовке қатысты қылмыстық іс қозғады. Айыпталушының ісі дәлелденсе, 8 жылдан 18 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Оқиға 31 тамыз күні кешкісін Панжы аудандық сотының ғимаратында болған. Диловар Олимов аудандық соттың судьясы Давлатманд Рахимзоданың кабинетіне кіріп, балтамен шабуыл жасаған. Судья жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оның кабинетіндегі барлық жиһаз құртылған.

Бір тәулік өткеннен кейін Диловар Олимов ұсталған. Ол өзінің айыбын мойындаған, бірақ судьяны өлтіремін деген ойымда болған жоқ дейді.

Сол күні 31 тамызда Панжы аудандық сотында Олимовтың бұрынғы әйелінің шағымын қараған. Бірақ ол одан туған екі баланы мойындамай келген. Сот Олимовке екі баланың әрбіріне ай сайын 130 сомони алимент төлеп тұруды міндеттеген. Сот шешіміне ашуланған айыпталушы ғимаратқа балта ұстап кірген.

Панжы ауданының бас дәрігері Нұрмамад Умронов судьяның ауыр жарақат алғанын айтады.

XS
SM
MD
LG