Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін айтты.
– Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның Өзбекстандағы жылы 2019 жылы өтеді.