"Олар да біздің балаларымыз. Біз олардың сабақта күйеуге шығу емес, оқу туралы ойлағанын қалаймыз. Сол себепті біз оларға той шығынын ректорат көтеретінін айттық", - деді университет ректоры Хамидуллохон Факиров.
Ректордың бұл уәдесі студент жастардың көңілдерін шығып отыр. "Ректор сөзінде тұрса, студенттердің ешқайсысы сабақты тастап кетпейді", - деді студент Сабрина.
Тәжік социологы Марьям Давлатова университет ректоры оның орнына студент қыздардың аспирантураға түсуіне көмектессе жақсы болар еді деп есептейді. "Соңғы уақытта елде білім алған қыздарға деген сұраныс көбейді - көптеген ата-ана келіннің дипломы болғанын қалайды", - дейді ол.
Дүниежүзілік Банк баяндамасында Тәжікстанда тұрмысы нашар отбасылардың балалары негізінен жоғары білім ала алмайтыны айтылған. Деректерге қарағанда, жоғары оқу орындары студенттерінің 72 пайызы - ауқаттылардың балалары.