Ссылки доступа

Атамбаев: Бәрін жасап үлгермегеніме кешірім сұраймын


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзі президенттік еткен жылдардың қорытындысын жасап, бәрін жасап үлгермегеніне кешірім сұрады. Ол жағдайдың ауыр болғанын еске алды.

Атамбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан "ілгері басты", бұрындары үнемі көштің соңында жүретін.

"Мен сіздерге осы уақыт аралығында маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Бішкек тұрғындарына рахмет. Олар әрдайым мені қолдап жүреді", - деді ол.

Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылы 1 желтоқсанда аяқталады. Елде президенттік сайлау 15 қазанда өтеді. Конституция бойынша, президенті алты жыл мерзімге бір мәрте ғана сайлана алады.

XS
SM
MD
LG