Ссылки доступа

Петербургте ВИЧ-ке шалдыққан бала ата-анасының емнен бас тартуынан көз жұмды


Пропагандистский плакат против ВИЧ, архивное фото
Пропагандистский плакат против ВИЧ, архивное фото

Санкт-Петербургте бала ВИЧ инфекциясынан көз жұмды. "СПИД-Орталығының", хабарлауынша, діндар ата-анасы балаға антиретровирустық терапия жүргізуге рұқсат етпей қойған. Бұл ақпаратты Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ВИЧ инфекциясы жөнендегі маманы, профессор Евгений Воронин растады.

"Доктор Питер" басылымының мәліметі бойынша, 2015 жылы сот ата-анаға баланың емін қамтамасыз етуді міндеттеген. Бірақ олар сот шешімін орындамаған, олар үшін шіркеудің айтқанымен жүрген дұрыс көрінген. Белсенділер екі мәрте прокуратураға және балалар омбудсменінен арызданған, бірақ жағдай өзгермеген. Бала 29 тамызда көз жұмды.

"СПИД-Орталық" дерегі бойынша, Орыс православ шіркеуінің ВИЧ/СПИДке қарсы күресі терапияға тыйым салмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ВИЧ инфекциясына 860 мыңнан астам ресейлік шалдыққан. СПИДпен күрес орталығының бағалауы бойынша, бұл дертке шалдыққандардың шын мәніндегі көрсеткіші шамамен 1,5 миллионға жетеді.

XS
SM
MD
LG