Ұлттық кітапхананың бұрынғы директорының ұлының үйлену тойы туралы Сыбайласқан жемқорлықпен күрес агенттігі түсірген репортажды 8 тамызда кешке "Точикистон" телеарнасы көрсеткен. Сайфиддин Назарзода өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. "Қалыңдықтың ата-анасы қоштасу тойын осылай өткізген. Мен тәжік телеарнасындағы репортажға таң қалдым", - деді ол. Бұрынғы директор бұл тойға 150-170 адам қатысқан деп отыр.
Бір аптадан соң Назарзода қызметінен босатылды.
Бірақ ол өзін сот арқылы ақтап алуды көздеп отыр. Назаорзоданың заң бұзғаны сотта анықталса, ол 25 мың сомони көлемінде айыппұл төлейді.