24 тамызда тағы үш адам өтініштерін қайтарып алған. Зейнеткер Марат Иманкулов, кәсіпкер Сайнидин Султанидинов және отандық өндіріс қауымдастығы төрағасы Бақыт Дегенбаев үміткерліктен бас тартқан.
Президент болуға барлығы 59 адам өтініш берген. Кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңдарына сай емес бес адамды тізімнен шығарды.
Қырғызстанда президенттік сайлау 2017 жылы 15 қазанда өтеді.