24 тамызда Рахмон отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық бөлімше басшысы Зиёда Саломованы осы қызметке қайта алуды тапсырды. Қорасан ауданы әкімшілігінің басшысы Рахматулло Сафарзодеге қатаң сөгіс жаряланды.
14 тамызда Азаттық радиосының репортажында президенттің осы ауданға сапары кезінде "Очаджонхо" ансамблі Рахмонды күтіп алу кезінде әуен ырғағынан шатасып кеткені туралы айтылған еді.
Рахмонның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы әуен сапасына көңілі толмады деген әңгімеге ешқандай негіз жоқ. "Президент аймақтарға халықтың тұрмысымен танысу үшін барады" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.