Ссылки доступа

Ташкент Мәскеуден Гүлнара Кәрімованың жылжымайтын мүлкін тәркілеуін сұрады.


Өзбекстан билігі Мәскеуден бұрынғы президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримованың Ресейдегі жылжымайтын мүліктерін тәркілеуін сұрады. Ресей астанасында "Камелот" кешенінде пентхаусы, Рублевкада зәуліа үйі және сегіз пәтері бар. Ал Ялтада - қонақ үй, тұрғын үй және жерге иелік етеді.

"РФ Бас прокуратурасына Өзбекстанның Бас прокуратурасынан Каримова ісіне құқықтық көмек беру туралы өтініш түсті. Онда жылжымайтын мүліктерді бұғаттау туралы айтылған", - делінген Ресейдің Бас прокуратурасы таратқан мәліметте.

Өзбек билігі нақты нені бұғаттауды сұрағаны туралы мәлімет жоқ. "Өзбектердің сұрауы бойынша, бұл туралы мәлімет құпия болады", - дедеі ресейлік мекеме өкілі.

Бұның алында Өзбекстан тергеушілері Гүлнәр Каримованы түрлі елдерде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, лас ақшаны заңдастырумен айналысты деп хабарлаған еді.

Куда вкладывала деньги Гульнара Каримова, карта активов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

XS
SM
MD
LG