Ссылки доступа

Астанада бір топ ата-ана гранттардың "әділетті" бөлінуін талап етті


Астанада абитуриенттердің ата-аналары мен туыстары Білім және ғылым министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Олар мемлекеттік білім гранттарының бөлінуіне көңілдері толмайтындарын айтты.

Жиналғандардың сөздеріне қарағанда, кейбір мамандықтар бойынша аз ұпай жинаған абитуриенттер жоғары оқу орындарының гранттарына ие болған, ал олардан көп ұпай жинағандар оқуға түсе алмай қалған.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 88 мың мектеп бітіруші қатысса, солардың 14 мыңға жуығы 50 ұпайлық межеден өте алмады. Тестілеу нәтижесі бойынша, республикада орташа көрсеткіш 80,5 ұпай болды.

Министрлік өкілдері бұл жағдайға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді. Бірақ абитуриенттер мен ата-аналар министрліктің ресми өкілінің жауабын естімей кетпейміз деп отыр.

XS
SM
MD
LG