Басқарманың баспасөз қызметі "бұл дұғалар талапкерлер мен оның туыстарын сабырлылыққа шақырып, сенімдерін нығайтады" деп хабарлайды.
Бірінші дұға емтиханды сәтті тапсыруға арналған. "Алла, қинама, жеңілдет. Бұл істі берекелі аяқтауға көмектес" делінген дұғада.
Екінші дұға талапкерлердің біліктілігін көтеруге арналған екен: "Алла, менің жүрегімді аш. Менің ісімді жеңілдет. Менің тілімді түсіну үшін, менің тілімде түйінді шеш".
Бірақ мұсылмандардың діни басқармасы талапкерлерге тек ғана дұғаға сүйенуге болмайтынын, ең алдымен емтиханға мұқият дайындалу керектігін ескертеді.