Дереккөз мәліметі бойынша, сотталғандардың дені түркіме-түрік лиңейінің бұрынғы жұмысшылары мен түлектері екен. Мамыр айының соңында "Гүлен қозғалысына" қатысы бар деген күдікпен 50-ден астам ер азамат ұсталғаны хабарланған. Оларды жабық сотта 20 жылға дейінгі мерзімдерге соттады, деді дереккөз.
Түркіменстанда осымен екінші мәрте түрік оппозициясының жетекшісі Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген күдікпен қудалау жүріп жатыр. Биыл ақпанда Ашхабад қалалық соты кем дегенде 18 адамды 25 жылға дейінгі мерзімге соттаған еді. Олардың арасында Түркіменстанға белгілі кәсіпкерлер бар.
"Сот жабық болды. Олардың туыстарын да ішке кіргізген жоқ", - деді дереккөз.