Осының алдында Трамп Twitter-ге Федералды тергеу бюросының директоры Джеймс Комиді қызметінен алғаны үшін, өзіне қарсы тергеу ісі жүріп жатқанын жазған.
Секулоу президенттің әлеуметтік желіге жазғаны Washington Post газетіне берген жауабы емес дейді. Басылымның мәліметінше, тергеу ісі Джеймс Коми қызметінен кеткеннен кейін басталған. Трамп болса, бұл ақпаратқа ашулы.
АҚШ конгресінде Ресейдің америкадағы президент сайлауына араласуы мүмкіндігі жөнінде тергеу жалғасып жатыр. Сонымен бірге арнайы прокурор Роберт Мюллер жетекшілік ететін тәуелсіз тергеу ісі де басталды.