Қабылданған құжатқа сәйкес, бұл процесс үш жыл көлемінде жүзеге асады. Заң тек қазіргі монархқа ғана қатысты.
Былтыр тамыз айында халқына жолдауында 83 жастағы император Акихито денсаулығына және жасына байланысты тақты өзінің мұрагері, үлкен ұлы, ханзада Нарухитоға беруге ниетті екенін жеткізген.
Бұл Жапония тарихында соңғы 200 жылда өз еркімен тақтан бас тартқан бірінші оқиға болып тұр. Билікті беру рәсімі келесі жылдың аяғында болады деп күтіледі.
Осының алдында заң жобасын парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған.