Оқиғадан кейін Жасурға бес рет операция жасалып, бірақ 1 маусымда қаза тапқан. Ташкенттің ішкі істер басқармасы бірнеше күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Ташкентте студенттің өлімін ашық тергеуді талап еткендер ел президентінің атына ашық хат жазды.
Gazeta.uz интернет басылымының хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың атына жазған ашық хатқа 400-ден астам адам қол қойған. Ташкент ІІБ басшы орынбасары Дониёр Ташходжаев акцияға шыққандармен кездескен.
4 маусымда акция болатын жөнінде әлеуметтік желілерде хабарланды. Ақпаратты кемінде 13 мың қолданушы бөліскен.