Ссылки доступа

АҚШ және Түркия президенттері Трамп пен Эрдоған Ақ үйде кездесті


Ақ үйде АҚШ және Түркия президенттері Дональд Трамп пен Режеп Эрдоғанның келіссөздері өтті. Бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде екі ел лидері терроризмге қарсы күрес жөнінде айтты.

Трамп Вашингтон террористік топтарға қарсы күресте Анкараға көмектесуді жалғастыра береді деп мәлімдеді. "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы, Күрдістанның Жұмысшылар партиясының аттары күрес нысаны ретінде аталды.

Эрдоған террористік ұйымдарға жер бетінде орын болмау қажет деп, ол ондай топтарға күрдтердің "Демократиялық одағы" партиясы мен оның Халықтың өзін өзі қорғау отряды деген қарулы қанатын жатқызды.

Түркия президенті аталған ұйымдармен әріптестік жасауға болмайды деді. Өткен аптада Вашингтон негізінен Халықтың өзін өзі қорғау отряды құрған "Сирияның демократиялық күштеріне" көмектесу жоспарын бекіткен.

Түркияның АҚШ-қа сапары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG