Ссылки доступа

Астана тұрғыны баспанасын Назарбаевтың суреттерімен қорғап отыр (видео)


Астана тұрғыны Несіпгүл Ұябаева баспанасын қорғау үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін үй айналдыра іліп тастады.

Ұябаеваның пікірінше, президенттің 91 суреті "мемлекет қажеттілігі үшін" сүрілуі тиісті үйін қорғап қалады.

"Мен бұл суреттерді ілген себебім, шенеуіктер құдайдан қорықпайды, президенттен ғана қорқады. Біздің президент халықтың жақсы өмір сүргенін қалайды ғой, бірақ олар біздің өз жерімізді тартып алып, далаға шығарып тастамақшы", - деді Несіпгүл.

Бұл үйде жеті адам тұрады, олардың екеуі кәмелет жасқа толмаған. Үй қожайынының айтуынша, жергілікті билік өтемақы үшін әуелі $400 ұсынған, кейін 4,7 млн теңгеге өскен, бірақ бұл қаражатпен жаңа баспана сатып ала алмайсың.

21 сәуірде Астанада "ЭКCПО" халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері талқыланып, сонда президент Назарбаев қазақстандық астана орталығындағы ескі жеке үйлердің әлі тұрғанына ренжіді. Оның пікірінше, мұндай үйлер қаланың көркін бұзып тұр.

91 портрет Назарбаева в защиту от сноса
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Загрузить видео с Директа.

XS
SM
MD
LG