Ссылки доступа

Тәжіктер биылдан бастап 1 Мамырда демалмайды


Тәжікстанда Халықаралық еңбекшілер күні 92 жыл бойы тойланып келді, бірақ биылдан бастап мерекелік демалыс болмайды. Тәжік парламенті мұндай шешімді өткен жылы қарашада қабылдаған.

Тәжік парламентінің спикері Шукурджон Зухуровтың айтуынша, 1 Мамыр - мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізімінде қала береді, бірақ жұмыс күні болады. Депутаттардың ешқайсысы, тіпті коммунистер де бұл ұсынысқа қарсы шыққан жоқ. Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының басшылығы да ештеңе айтпады.

Бірінші мамыр күнтізбеде қызылмен белгіленген, бірақ бұл күні ешкім демалмайды.

Кеңестер Одағы кезінде 1 Мамыр мерекесін дүркіретіп атап өтетін. Халық "Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!" ұрандарымен шеруге шығатын.

Қазір көктем және еңбек мерекесін 142 ел атап өтеді. Бірқатар мемлекет ескі дәстүрді сақтап қалды, бірақ басқалары бұл күні жаппай серуендеу мен концерт жасағанды жөн көреді.

XS
SM
MD
LG