Қызмет мәліметі бойынша, күдіктілер мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтуға бөлінген 100 миллион теңгеден астам бюджет ақшасын қолды қылған. Әкімдер бір баланы бірнеше балабақшаға тіркеп қойып, оларды күтуге қажетті қаражат көлемін ұлғайтып көрсетіп келген.
Күдіктілер Мақтарал аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу абақтысында отыр. Күдікке іліккен кейбір әкім қылмыстық жауапкершіліктен пара беру арқылы құтылғысы келген, делінген сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.