Ссылки доступа

Обама: Орландодағы шабуылға радикалды топтардың байланысы анықталмады


АҚШ президенті Барак Обама Орландодағы қарулы шабуыл жасаған адамның шетелдік ұйымдармен байланысы бары туралы мәлімет жоқ деп мәлімдеді. Жексенбіге қараған түні Орландо (штат Флорида) қаласының түнгі гей-клубына шабуыл жасалып, қастандық жасаушының өзін есептемегенде, 49 адам мерт болған.

Обама осыған дейін Ауғанстаннан келген отбасында дүниеге келген Омар Матиннің экстремистік топтармен байланысы болуы мүмкіндігін айтқан. Алайда ол экстремистік ұйымдардың нұсқауымен шабуылдады деген күдік нақтыланбаған.

Матин клуб ғимаратын басып алғаннан кейін, үш сағаттан соң полиция тарапынан атып өлтірілген. Ол қанды оқиғаның елуінші құрбаны болды.

Алдын "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы 29 жастағы америкалық Матинді өздерінің "сарбазы" болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG