Жерасты жолына бастайтын жол Қадамжай ауданындағы Қырғыз-Қыштақ ауылындағы үйлердің бірінен табылған. Тоннельді тереңдігі 7-8 метр, ұзындығы – 110 метр.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен шекарашылар жедел іздестіру және тергеу жұмыстарын бастады.
Өзбекстан ҰҚҚ мемлекеттік шекараны күзету Комитетінің өкілдері қолмен қазылған тоннельді контрабандашылар пайдалануы мүмкін деп санайды.
Бұған дейін 17 наурызда өзбек шекарашыларының жерасты жолын тапқаны хабарланған еді. Ол кезде тоннельдің Өзбекстандағы Борбалық ауылындағы тұрғынның үйінен Қырғызстандағы Қырғыз-Қыштақ ауылындағы бір үйге апаратыны туралы жария болған.