Бұл талап тек аталған елдерге журналист, үкіметтік қызметкер, гуманитарлық қызметкер ретінде және заңды іскерлік сапармен барған жандарға жүрмейді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер шешімнің әрбір жағдайда жеке қабылданатынын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар конгресс қыркүйекте қабылдап, президент Обама қол қойған визасыз елге кіруге ішінара тоқтау салу туралы ережені кемсітушілік есебінде сынаған болатын. Азаматтық бостандықтардың Америкалық одағы желтоқсанда «Бұл дұрыс емес және жекелеген адамдарды ұлтына, тегіне, дініне тағы басқа ерекшеліктеріне қарап жазалау америкалықтарға жат», - деп мәлімдеген еді.
Шектеулер Париждегі және Калифорнияның Сан-Бернардино қаласындағы террорлық шабуылдардан кейін қойылды. Ел билігі басты мақсат – америкалықтарды террорлық қауіптен қорғау екенін мәлімдеді.