Интернет сапасының бәсеңдеуі 2015 жылдың маусым айында басталған. Шетелде жүрген өзбек мигранттарының елінде туыстарымен байланысқа шығуы тіптен қиындаған. Skype және Viber байланысы мүлдем істен шыққан.
Екі айдан кейін «Өзбектелеком» компаниясы байланыста профилактикалық жұмыстар жүргізілді, тамыз айында іске қосылады деген болатын. Алайда тамыз айында да байланыс қызметі жақсармаған.
Сарапшылар 3 қаңтарда «Өзбектелекомның» жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, интернет байланыстың жылдамдығы таяу арада қалпына келе қоймайды деген болжам айтады.