Ссылки доступа

Қырғызстанда несиенің пайыздық сыйақысы төмендеуі мүмкін


Несиенің пайыздық үстемеақысы Moody's агенттігінің Қырғызстанға қатысты дербес несие рейтингіне орай төмендеуі ықтимал.

Мұндай пікірді стратегиялық зерттеулер Ұлттық институтының директоры Талант Сұлтанов айтты.

Ол 2015 жылдың желтоқсанында Moody's рейтинг агенттігінің Қырғызстанға В2 - «тұрақты» рейтингтік болжамын тағайындағанын еске салды.

Оның сөзінше, бұған дейін Қырғызстан шетелдік инвесторлар үшін үлкен тәуекелдер елі саналды, сондықтан салған қаржысын 1 немесе 3 пайыздық үстемеақымен қайтарудың орнына, олар 10-20% талап етіп келді.

Сұлтанов тәуекелдерге тәуелсіз баға берудің қалыптасуына байланысты, сыртқы инвесторлар қырғыз банктері пен қаржы институттарына, одан әрі бизнес пен ел тұрғындарына пайызы төмен несие бере бастайтынына сенім білдірді.

Қырғызстанда қаржы құрылымдарындағы несиенің үстемеақысы 28%-дан 36%-ға дейін жетеді.

XS
SM
MD
LG