Жалал-Абад облысының Арыстанбап ауылының көптеген тұрғындары діни-экстремистік ұйымдардың қатарына бүтіндей отбасы болып, көше болып қосылып жатыр. Бұл ақпарат шұғыл-іздестіру шараларын қорытындылауға арналған жиында айтылды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Олардың мәліметінше, ұсталған азаматтардың көбі бұрын сотталған. Үйлерін тінту барысында діни-экстремистік пиғылдағы әдебиеттер, қару және жарылғыш заттар тапқан.
Мұнан бөлек, Созақ, Базар-Қорған, Ноокен аудандары мен Шамалды-Сай елді мекенінде діни-экстремистік әрекеттерге байланысты 17 қылмыстық іс қозғалса, Ош пен Жалал-Абад облыстары бойынша 19 қылмыстық іс тіркелген.