Бұл деректер Internet Society (ISOC) халықаралық ұйымының «Қырғыз Республикасының интернет ортасын бағалау» деп аталатын еңбегінде келтірілген.
Ресми деректерге сәйкес, бұл көрші елдердегіден де төмен көрсеткіш. Интернеттің дамуы жағынан Орталық Азия елдерінің ішінде Қырғызстан тек Тәжікстан мен Түркіменстаннан алда тұр.
Деректерге сүйенсек, республика тұрғындарының 90%-ы мобильді байланыс желілерімен қамтамасыз етілген. Халықтың 50%-ы кең жолақты мобильді байланыс желілерінің (3G) қызмет аясын қолдана алады.
Талдау нәтижесі бойынша, Интернеттің техникалық жағынан қолжетімділігі мен оны пайдалану деңгейінің арасындағы үлкен алшақтықтың екі себебі анықталған. Олар - баға тиімділігі мен қажеттілік.
ISOC жыл сайын әлемдегі интернет ортаның жай-күйі туралы жаһандық зерттеу жасайды және бір елде сирек жағдайда зерттеу жүргізеді. Қырғызстан ұйым зерттеу жасаған Орталық Азиядағы тұңғыш ел боп табылады.