Ссылки доступа

Ауғанстанда тәлібтерге қарсы операция жалғасуда


Бұған дейін бір америкалық жауынгердің қаза тауып, екеуінің жараланғаны белгілі болды. Бірнеше ауған жауынгерінің де жарақат алғаны туралы хабар бар.

Ауғанстанның Гильменд провинциясындағы Марджа қаласының ауданында америкалық арнайы жасақ бөлімдерінің қолдауына сүйенген үкіметтік күштер тәлібтерге қарсы операциясын жалғастыруда.

Сейсенбі күні Кабулда жарылыс болды. Полицияның дерегінше, автокөлікке жасырылған бомба іске қосылған. Өлгендер туралы дерек жоқ. Жарылыс шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда орын алған. Кабулдағы дүйсенбі күнгі жарылыстан ондаған адам құрбан болды.

XS
SM
MD
LG