Бұл деректі Азаттыққа судья Мадамин Азимжанов растады.
Майкл Макфит 31 желтоқсанда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында қырғыздың ұлттық тағамы - шұжықты айғырдың қасасына (жыныс мүшесіне) теңеп, ол жазбасы жергілікті қызметкерлердің наразылығын тудырған. Наразылар"Құмтөр" компаниясы басшылығының кешірім сұрауын талап еткен.
3 қаңтарда Манас әуежайында ұсталып, Қаракөлге апарылған Майкл Макфит Facebook-тегі жазбасына бола кешірім сұраған.