Басылымның мәліметінше, тізімді туризм саласын зерттейтін Butterfield&Robinson аналитикалық компаниясы құрастырған.Wild Frontiers туристік агенттігінің негізін қалаушы Джонни Бэлби Financial Times газетіне соңғы кезде туристердің көбі қазіргі өмірдің жылдам ағысынан қашып, тыныш орынды іздейді, осыған Қырғызстан лайық деп хабарлаған. Оның сөзінше, Қырғызстанда баға арзан, 2012 жылы қырғыз билігі көптеген елдерге визаны алып тастады, сонымен бірге 2015 жылы қазанда парламент сайлауы тыныш өтті.
Мұнан басқа, Қырғызстандағы Ыстық көл облысының шығысындағы «Қаракөл» тау шаңғысы базасы ТМД елдерінде 10 үздік тау шаңғысы демалыс орнына кірді. Бұл тізім Forbes журналында жарияланды.