Дипломатиялық өкілдікке шабуыл қаңтардың 3-і күні, қас қарая басталған. Балх уәлаяты билігі өкілінің айтуынша, шабуылдың беті қайтарылған, бірақ бірнеше содыр көрші ғимаратқа бекініп алып, қарулы қарсылық көрсеткен. Оқиға барысында кемінде бір бейбіт тұрғын жараланған. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы әзірше нақты мәлімет жоқ.
Ауғанстандағы Үндістан елшісі Амар Синха Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «консулдық қызметкерлері қауіпсіз жерде» деп хабарлаған.