Оның сөзінше, Анкара Мәскеудің ДСҰ ережесін бұзғанын дәлелдейтін құжаттар жинап жатыр. Осы арқылы сотта жапа шеккен компаниялардың құқығын қорғамақшы.
Түркияның экономика министрі саудада «моральдық негіз» болуы керек деп атап өтті. Түркиялық кәсіпкерлер ресейлік үкіметке сеніп, еліне ақша салды,- деді Элитас Ресеймен қарым-қатынасты ауа-райына теңеп, кейде ашық күнге уәде береді, кейде жаңбыр болады, кейде бұлтты болады деп.
Бұлтты кездегі Ресейдің әрекеті халықаралық сауда ережесіне сәйкес келмейді деп мәлімдеді Түркияның экономика министрі.
Ресейдің Түркияға қарсы экономикалық санкциясы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Санкцияға сәйкес, Ресейге түрік көкөністерін, жеміс-жидектерін, құс еттерін кіргізуге тыйым салынған. Мәскеу сонымен бірге құрылыс және туризм компанияларының елінде жұмыс істеуіне тыйым салды.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2015 жылдың қараша айынан бастап, Сирия шекарасында түрік ВВС ресейлік Су-24 ұшақты атып түсіргеннен кейін күрт нашарлады.