Жарлықта: «Қырғызстандағы соңғы жылдардағы өзгерістер, елдің өзіндік даму үлгісін жасауда батыл қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда жаңа заман демократиясының халқымыздың құқықтық, адамгершілік және мәдени дәстүрлерімен үйлесім табуына қол жеткізу міндеті тұр»,- делінген.
Сонымен бірге прогресстің басты қозғаушы күші адам екендігі, ұзақ мерзімді жоспарда адам дамуына инвестиция салынатыны айтылған. Сондықтан Қырғызстан экономикасының одан әрі дамуы көп жағдайда елдің мәдени және рухани дамуына тәуелді.