Ссылки доступа

Кәсіби қызметтерін атқару кезінде 2015 жылы 69 журналист қайтыс болған


Бұл жөнінде бас пәтері Парижде орналасқан БАҚ-тағы еркіндікті мақсат тұтатын «Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымы хабарлады.

Атап өту керек, олардың көп бөлігі елдер арасындағы қарулы қақтығыс кезінде қайтыс болған. Ұйым сонымен бірге 43 журналистің өлімінің себебі беймәлім күйінде қалып отырғанын айтты.

Баяндаманың авторлары Сирия мен Ирак журналистердің жұмысы үшін қауіпті аймақ екенін атап өтті. Аталған аймақта өздерінің қызметтерін орындау барысында 10 журналист және 11 БАҚ қызметкері қайтыс болған.

Ал Нью-Йоркте орналасқан журналистерді қорғау комитеті 2015 жылы БАҚ-тың 69 қызметкері қайтыс болғанын мәлімдеді. Олардың 29-ы радикалды исламшыл тобының құрбаны болған. Қайтар айында Парижде Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына исламшылдар шабуыл жасады. Ол кезде сегіз журналист қаза тапты.

XS
SM
MD
LG