Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасында екі қырғыз азаматына оқ атылды


30 желтоқсанда қырғыз-өзбек шекарасында өзбек шекарашылары екі қырғыз азаматына оқ атқан. Бұл жөнінде Баткендегі Азаттық тілшісі хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға орын алған Боз-Адыр ауылында қазір адамдар жиналып жатыр.

Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз азаматтары Өзбекстан арқылы Қырғызстанға контрабандалық жолмен жүк өткізбекші болған. Олар өзбек шекарашыларының талаптарына бағынбаған. Нәтижесінде өзбек әскери қызметкерлері қару қолданған. Екеуі ауыр жараланған. Қазір ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG