Заң жобасына сәйкес, бейбіт жиындар ұйымдастырушылардың өз қаражатымен өтулері тиіс. Қатысушылар мемлекеттік мекемеге митингіні қаржыландырушы жөнінде мағлұмат беруілері керек. Заңды бұзған жағдайда әрбір азаматқа 1 мыңнан 2 мың сомға дейін, заңдық тұлғаларға 10 мыңнан 15 мың сомға дейін айыппұл төлеу көрсетілген. Сонымен бірге бейбіт жиындарда бетін маскамен бүркемелеген адамдарға да айыппұл төлеу қарастырылған.
Қырғызстанда ІІМ өзге елдердің қаржысымен ұйымдастырылатын түрлі митингтер, акцияларға тыйым салуды ұсынады. Осыған сәйкес «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы елдің парламенті - Жогорку Кенештің қарауына жіберілген.