Ссылки доступа

Бішкекте жүргізушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан бұзақыны ұстады


Бішкекте көлік жүргізушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан бұзақы ұсталды. Бұл жөнінде астананың ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың хабарлауынша, 30-35 жастағы белгісіз ер адам Бейшеналиева мен Токтогул көшелерінің қиылысында көлік жүргізушіге жолақысын төлемей, ойыншық тапаншамен күш көрсеткен.

Бішкек көлік жүргізушісі Бактыбек милицияға хабар берген. Оқиға орнына келген арнайы қызметкерлер 27 жастағы Жалилді ұстап, милиция бөліміне алып кеткен.

XS
SM
MD
LG