Олардың мәліметінше, ұсталғандардың екеуі – Қырғызстан азаматы болса, екеуі – Өзбекстан азаматы.
Милиция олар қалада теракті ұйымдастыру жөнінде жоспарлары болуы мүмкіндігін айтады. Тұтқындалғандардан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеген. Олар көпқабатты үйдегі пәтердің бірінде тығылған. Екеуі көшеде, қалған екеуі пәтерде ұсталғандығы хабарланды. Олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалған.